Лабораторлық жұмыс №8.
Тақырыбы: Photoshop менюін баптау.
Мақсаты: Navigator
палитрасымен жұмысты игеру.
Интерфейсті баптау жұмысымен танысу. Тапсырмада градиентті, каналдарды және қабат маскаларын қолдану.
Тапсырмалар: Adobe Photoshop программасында жұмысты ұйымдастыру.
Жасанды кемпірқосақты құру жобасы
Жұмыс жасауға арналған бейнені ашыңыздар. Суретте көріп тұрғандай, бұл жерде кемпірқосақтытабиғи түрде көрсетуге болатын бейнені таңдау қажет.

Gradient (Градиент) аспабында тышқанды екі рет шертіп Gradient Tool Оptions (Градиент аспабының опциясы) опциясын ашыңыз. Gradient Editor (Градиент
редакторы) сұхбаттасу терезесіне өту үшін Edit (Түзету) батырмасын шертіңдер.

Әрі қарай кемпірқосақтың градиентін құру үшін New (Жаңа) батырмасын шертіңдер. Градиентті анықтағаннан кейін, түстерді қоса беру керек. Жаңа түсті түзету керек. Түстерді дублдеу үшін Alt пернесін басулы күйде кез келген түстің квадратында шертсеңіз, ол түстің дубликатын

Суретте көрсетілген Сіздің түстік жолақтарыңыз төртбұрыштың бір шетінде орналасқан. Суретте төрт түстен құралған жиын көрсетілген. Сіз де осылайша өз түстеріңізді анықтауыңызға болады, градиент жасалынғаннан кейін OK батырмасын шертіңдер.

Енді, градиенттің типін анықтау үшін Type– Radial (Градиент типі –Радиалды) орнату керек.

Кемпірқосақ үшін жаңа қабат құрыңдар, ол үшін жаңа қабат құру шарт белгісінде шертіңдер. Содан соң бейненеге градиентті құру үшін
бейненің масштабын кішірейту керек.

Бейненің төменгі бөлігінде шертіп оны бейненің екі үштің бірдің жоғарғы бөлігіне тартыңдар. Градиент түсі
қара анық
түсті жолақтардан тұрады.

Алдымен, Layer (Қабат) тақтасында Screen (Экран) режимін
орнатыңдар және opacity (көмескі) 60%-ке жылжыту керек.

Sceren (Экран) режимі Blend (Қоспа) режимі екі жеке мөлдір түсті алып жоғарғы жақтан қалғандарына проекциялайды. Нәтижелі түс әрқашанда жарық болады. Қара түс ештеңені өзгертпейді және ақ қалдықтары ақ болып қалады.

Әрі қарай бізге жұмсақ түстік жолақтар қажет. Filter – Blur – Gaussian Blur (Сүзгі–Жағу–Гаусстік жағу) командасын таңдандар. Бейненің рұқсаты, қаншалықты жағуға болатынын анықтайды. Бұл жерде 72-dpi рұқсатына 9 мәні таңдалған. Бұл жерде тағы да мынадай амалды орындау
керек. Бізге кемпірқосақты ағаштардың артынан көрінетіндей етіп жасау керек. Оны қабаттың қарапайым маскасын қолдану арқылы орындаймыз. Өз бейнеңізде кемпірқосақтың жартысын жасыру үшін масканы бояп жіберуге болады. Алдымен, кемпірқосақ қабатын сөндіріп тастау керек
(қабат қасындаға көзге шерту) Channels (Каналдар) опциясына өту керек. Енді, әрбір каналды жекелеп қарастырыңдар, таңдалған каналдан
маска қабатының контрастылығы анықталады.

New channel (жаңа канал) шартбелгісіне жылжыту арқылы осы каналдың көшірмесін жасаңдар. Контрасты көбейту арқылы, деңгейлерді
басқаруға болады. Image – Adjust – Levels (Бейне –Орнату –Деңгей) таңдау керек.

Осы жаңа каналдан белгілеу жасау керек, оны тақтаның пунктирленген ортасына жылжыту арқылы немесе қызу қанды пернені қолдануға
болады: Ctrl пернесін басып тұрып, қажетті каналға шерту.

Қайтадан (RGB) каналына өтіп, Layers (Қабат) тақтасына оралыңыз. Кемпірқосақты ағымды қабат етіңіз. Белгілеуді алмай layer mask (Қабат
маскасы) шартбелгісіне шертіңіз.

Әдебиеті:
1 Компьютерная
графика. С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе.
Харьков «Фолио»
Москва «АСТ», 2001.
Бақылау сұрақтары:
1. Gradient
(Градиент) аспабы дегеніміз не?
2. Gradient Tool Оptions (Градиент аспабының опциясы) опциясының
мүмкінідктерін атаңыз.
3. Түсті жолақты салу амалы неде?